Өскеменде өрт кезінде 10 адам эвакуацияланды, бір адам құтқарылды

    Өскеменде өрт кезінде 10 адам эвакуацияланды, бір адам құтқарылды

    Өскемен қаласы Серікбаев көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

    ТЖМ бөлімшелері келгеннен кейін баспалдақ арқылы үйден 10 адам эвакуацияланды. Автосатының көмегімен пәтерден бір адам құтқарылды.

    Өрт шағын аумақта сөндірілді.

    1975 жылы туған ер адамды ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері қарап, медициналық мекемеге жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

    Өрттің шығу себебі анықталуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары