Санитариялық авиация келісімшарты аясында ТЖМ-нің әуе кемесімен Өскемен - Астана - Өскемен бағыты бойынша санитариялық рейс орындалды.
Рейс барысында бала медициналық көмек көрсету үшін Астана қаласына жедел жеткізілді.
Ұшу кезінде баланың жағдайын медицина мамандары бақылауда ұстады.
ТЖМ авиациясы медициналық көмекке мұқтаж пациенттерді жедел тасымалдауды жалғастыруда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









