Бос орындар жәрмеңкесі

    Бос орындар жәрмеңкесі

    📢 Еңбек күніне орай Қонаев қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті!

    2026 жылдың 23 қыркүйек күні Алматы облысы Әділет департаментінің Әкімшілік бөлімі қызметкерлері Еңбек күніне орай Қонаев қаласының Мансап орталығымен тұрғындарға арнап ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін атап өткізді. Жәрмеңкеге жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер қатысып, бос жұмыс орындары туралы ақпарат алды. Қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, өздеріне қолайлы жұмыс орындары мен еңбек жағдайлары туралы білді.

    Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, өзекті бос жұмыс орындарымен және жұмысқа орналасу шарттарымен танысып, жұмыс берушілер ұсынған өздеріне қолайлы жұмыс орындарын қарастыруға мүмкіндік алды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Әділет департаменті" жаңалықтары