«Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акция

    2026 жылғы 22 қыркүйекте қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру аясында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебінің базасында «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы өткізілді. Іс-шараны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан прокуратурасы аудандық полиция бөлімі және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімімен бірлесіп ұйымдастырды.

    Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім алушылардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мәселелерін талқылау.

    Кездесу барысында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан прокурорының орынбасары Ж.Б. Зейнуллин, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Т.Е. Макашев, Жергілікті полиция қызметінің жедел-әкімшілік полкінің бастығы А.М. Мустафин кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелерін түсіндіріп, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы қылмыс, буллинг, интернет-алаяқтық және кәмелетке толмағандарды құқыққа қайшы әрекеттерге тарту мәселелеріне тоқталды.

    Школьниктердің жауапты мінез-құлқын қалыптастыруға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және құқыққа қайшы әрекеттердің салдарын түсінуге ерекше назар аударылды.

    Іс-шараға Zoom платформасы арқылы ауданның барлық жалпы білім беретін мектептері қосылды. Жалпы қамту шамамен 1 600 білім алушыны құрады.

    Мұндай іс-шараларды өткізу оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және білім беру ортасында «Заң және тәртіп» қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" КММ" жаңалықтары