
«Таза Қазақстан»: жастардың экологиялық бастамаға қосқан үлесі
Қарағанды қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кезекті абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға өңіріміздің бастамаларына белсенді қатысып жүрген жастар, студенттер, волонтерлер, сондай-ақ «Талдау мектебі» жобасының қатысушылары мен түлектері қатысты.
Қатысушылар экопарк аумағына ағаш көшеттерін отырғызып, қаланың жасыл қорын толықтыруға бағытталған жұмыстарға өз үлестерін қосты.
Бүгінгі таңда экологиялық мәдениетті қалыптастыру - қоғамның барлық мүшесіне ортақ міндет. Ал, жастардың аталмыш бастамаларға белсенді қатысуы - табиғатты қорғауға деген саналы көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді.









