Азаматтарды қабылдау

    Атырау облысы Әділет департаменті басшысы Г.У. Кыстаубаева Атырау облысы әкім аппараты жанындағы «Азаматтарды қабылдау орталығында» азаматтарды қабылдады.
    Қабылдау барысында азаматтар тарапынан несие жүктемесін азайту, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының әрекеті (әрекетсіздігі) мәселелері көтерілді.
    Әрбір мәселе бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме беріліп, нақты құқықтық кеңестер ұсынылды.
    Сонымен қатар, азаматтарға өз құқықтарын қорғау тетіктері, дауларды заңды жолмен шешу тәртібі, сондай-ақ уәкілетті органдарға жүгіну рәсімі түсіндірілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" жаңалықтары