
Қала күні қарсаңында Әуезов ауданында тұрғындар мен жастарға арналған екінші комьюнити-орталық өз жұмысын бастады.
Жаңа орталықта 3D-модельдеу бойынша «AI Креатор» курстары өтіп, контент жасауға арналған арнайы аймақ жұмыс істейді. Сондай-ақ келушілерге дыбыс жазу студиясы, конференц-зал, би студиясы, робототехника және кітап оқу кеңістіктері қолжетімді.
Жаңа орталық жастардың цифрлық және шығармашылық дағдыларын дамытуға, заманауи технологияларды меңгеруге және өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мекенжайы: Науаи көшесі, 7.









