ДЕНСАУЛЫҚТЫ БАҚЫЛАУ – УАҚТЫЛЫ ТЕКСЕРУДЕН БАСТАЛАДЫ

    ДЕНСАУЛЫҚТЫ БАҚЫЛАУ – УАҚТЫЛЫ ТЕКСЕРУДЕН БАСТАЛАДЫ
    ДЕНСАУЛЫҚТЫ БАҚЫЛАУ – УАҚТЫЛЫ ТЕКСЕРУДЕН БАСТАЛАДЫ
    Қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтау – ем нәтижесіне ықпал ететін маңызды медициналық бағыт. Осыған байланысты өңірде нысаналы топтарды профилактикалық тексерумен қамту жалғасып келеді.
    2026 жылдың 8 айында сүт безі обырын ерте анықтауға арналған маммографиялық скринингпен жоспарланған 86 295 әйелдің 56 345-і қамтылды. Бұл – 65,3%.
    Жатыр мойны обыры бойынша жоспарланған 58 579 әйелдің 42 100-і цитологиялық зерттеуден өтіп, қамту көрсеткіші 71,9%-ды құрады.
    Ал колоректалдық обырды анықтау мақсатында 105 268 адамның 73 966-сы тексерілді. Скрининг нәтижесінде 594 жағдай анықталып, олардың барлығы диспансерлік бақылауға алынды.
    Скрининг – ауруды белгілері байқалмай тұрған кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін профилактикалық шара. Сондықтан белгіленген жасқа жеткен азаматтардың тексеруден уақытылы өтуі денсаулықты сақтауда маңызды рөл атқарады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары