Тараз қаласында профилактикалық рейдтер жүргізілуде

    Демалыс күндеріне қарамастан, Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының және Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері жеке тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда. Алдағы жылыту маусымы қарсаңында құтқарушылар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын еске салып, пешпен жылыту жүйелерін, мұржалар мен электр сымдарының жарамдылығын алдын ала тексеруге шақырады. Мамандар жылыту маусымына дайындықты қазірден бастап, анықталған ақауларды дер кезінде жою қажеттігін ескертеді. Профилактикалық жұмыстардың басты мақсаты — өрттің алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары