Алматы қаласының әкімдігі «Алматы қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша тұру (болу) орны бойынша тіркеу нормативін бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын хабарлайды.
Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 7-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының
6-тармағына сәйкес әзірленді.
Жобаны қабылдаудың мақсаты тіркеу процестерін ретке келтіру, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жүктемені жоспарлауды жақсарту, сондай-ақ тұрақты тұратын және уақытша келетін азаматтар үшін мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігін арттыру болып табылады.
Бұл жобада халықты есепке алу жүйесін жетілдіру, көші-қон процестеріне тиісті бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді жоспарлау мен ұсынудың тиімділігін арттыру көзделген.
Нормативтік-құқықтық актіні қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелмейді.
Жобаны талқылауға қатысу үшін «Ашық НҚА» порталындағы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15895100 сілтемесі арқылы өтуге шақырамыз.