Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласы мәслихатының «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру пайыздары және жерге салық салу мақсатында бағалау аймақтарына бөлу схемасы туралы» 2020 жылғы 9 қарашадағы № 499 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасы Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын хабарлайды.
Жоба Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес әзірленген.
Жобаның мақсаты: жер салығы саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны ретке келтіру және өзектілігін жоғалтқан шешімдерді құқықтық өрістен алып тастау.
Нормативтік-құқықтық актіні қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелмейді.
Жобаны талқылауға қатысу үшін «Ашық НҚА» порталындағы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15907081 сілтемесі арқылы өтуге шақырамыз.