Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласы мәслихатының «Жерлердің бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 23 шілдедегі № 356 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасы Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын хабарлайды.
Жоба Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес әзірленген.
Жобаның мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Алматы қаласының аумағында жерлерді бағалық аймақтарға бөлу схемаларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін бекітуді реттейтін, жаңа шешімнің қабылдануына байланысты өзектілігін жоғалтқан нормативтік құқықтық актілерді күші жойылды деп тану арқылы жер қатынастары саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны ретке келтіру.
Нормативтік-құқықтық актіні қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелмейді.
Жобаны талқылауға қатысу үшін «Ашық НҚА» порталындағы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15906930 сілтемесі арқылы өтуге шақырамыз.