Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласының аумағында жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 3/464 және Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 355 бірлескен қаулысы және шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасы Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын хабарлайды.
Жоба Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес әзірленген.
Жобаның мақсаты: Алматы қаласының аумағында жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесін белгілеуді реттейтін, жаңа шешімнің қабылдануына байланысты өзектілігін жоғалтқан нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану арқылы жер қатынастары саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру.
Нормативтік-құқықтық актіні қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелмейді.
Жобаны талқылауға қатысу үшін «Ашық НҚА» порталындағы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15906898 сілтемесі арқылы өтуге шақырамыз.