Алматы қаласының әкімдігі «Алматы қаласында жерлерді бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын хабарлайды.
Жоба Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 11-бабы 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді.
Жобаны қабылдаудың мақсаты – Алматы қаласы жерлерін бағалық аймақтарға бөлу шекараларын аумақтың нақты жай-күйі мен қаланың қазіргі заманғы даму жағдайларын ескере отырып қайта қарау; жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін қолдану арқылы саралауды жетілдіру; аумақтық айырмашылықтарды ескере отырып, жер учаскелерінің құнын айқындаудың бірыңғай және объективті тәсілін қамтамасыз ету; сипаттамалары ұқсас аумақтарды біріктіру есебінен бағалық аймақтарға бөлу жүйесін оңайлату.
Нормативтік-құқықтық актіні қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелмейді.
Жобаны талқылауға қатысу үшін «Ашық НҚА» порталындағы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15906981 сілтемесі арқылы өтуге шақырамыз.