«Ашық НҚА» порталында «Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №4/637 Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасы жарияланды.
Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №4/637 қаулысымен Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидалары бекітілген болатын. Аталған қағидалар қала аумағында коммуналдық қызметтерді ұсынуды ұйымдастырудың жекелеген мәселелерін реттейді.
Сонымен қатар қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына жүргізілген талдау Алматы қаласы әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келтіру қажеттігін көрсетті.
Осыған байланысты Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 4/637 «Алматы қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасы әзірленді. Жоба нормативтік құқықтық базаны өзектендіру және құқықтық әрі практикалық өзектілігін жоғалтқан нормативтік құқықтық актінің қолданысын тоқтату мақсатында аталған қаулының күші жойылды деп тануды көздейді.
Баршаңызды «Ашық НҚА» порталында жарияланған қаулы жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз. Ол үшін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15891957 сілтемесі бойынша өтуіңізді сұраймыз.