«Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» КММ «Алматы қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын хабарлайды.
Қағидалардың жобасы Алматы қаласының аумағында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін айқындау, тұтынушыларға коммуналдық көрсетілетін қызметтердің сапалы әрі үздіксіз ұсынылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынушылар мен оларды тұтынушылар арасындағы қатынастарды реттеу мақсатында әзірленді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін реттейтін талаптарды өзектендіру және оларды қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келтіру қажеттілігі туындады.
Осыған байланысты «Алматы қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасы әзірленді. Жобада коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін жетілдіруге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған жаңа Қағидаларды бекіту көзделеді.
Жобаны талқылауға қатысуға шақырамыз. Ол үшін «Ашық НҚА» порталындағы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15891966 сілтемесі арқылы өтуіңізді сұраймыз.