БЕКІТЕМІН
Алматы қаласы
Сәулет және қала құрылысы
басқармасының басшысы
_________________ А. Жанбыршы
«___» __________________ 2026 жыл
Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша берілген ұсынымдарды іске асыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№№ |
Іс-шаралар |
Орындауға жауаптылар |
Аяқталу нысаны |
Орындау мерзімі |
1 |
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы №253-VIII ҚРЗ Құрылыс кодексінің күшіне енуіне байланысты Алматы қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларына және Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларына өзгерістер енгізу |
Құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі |
НҚА қабылдау |
2026 жылдың соңына дейін |
2 |
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы №253-VIII ҚРЗ Құрылыс кодексінің күшіне енуіне байланысты Алматы қаласында үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, сондай-ақ Алматы қаласында үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерлерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату қағидаларына және Алматы қаласында үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, сондай-ақ Алматы қаласында үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерлерде сыртқы (көрнекі) жарнама бейнелерін орналастыру қағидаларына өзгерістер енгізу |
Сәулет-жоспарлау тапсырмасы және жарнама бөлімі |
НҚА қабылдау |
2026 жылдың соңына дейін |
3 |
2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы №253-VIII ҚРЗ Құрылыс кодексінің негізгі ережелерін, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманың жаңа талаптарын қолдану тәртібін түсіндіру бойынша Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерімен кеңес ұйымдастыру және өткізу. |
Құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі |
Кеңес хаттамасы |
2026 жылдың ІІІ тоқсанының соңына дейін |