Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына «Мемлекеттік кәсіпорындар, жарғылық капиталындағы акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласының салынып жатқан қалалық рельстік көлік дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) қызметін құқықтық реттеу мақсатында әзірленді.
Жобаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі ЭҚЖЖ 71121 бойынша қызметті енгізу бөлігінде толықтырылады, бұл Кәсіпорынға Алматы қаласы метрополитені объектілерін жобалау, салу, дамыту және пайдалануға беру жөніндегі тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жобаны қабылдау Мемлекет басшысының қоғамдық көлікті дамыту, метрополитен желісін кеңейту, заманауи көлік шешімдерін енгізу және Алматы қаласының қалалық рельстік көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.
Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша шығыстарды талап етпейді, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды әрі Кәсіпорын қызметін құқықтық реттеуді жетілдіруді қамтамасыз етеді.