
Нұрмұхамбетов Ғауез Торсанұлы
Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi
Нұрмұхамбетов Ғауез Торсанұлы 1968 жылдың 11 шілдесінде Қостанай облысы Қарасу ауданының Майский ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «ғалым агроном» мамандығы бойынша, 2002 жылы – Челябі мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша, 2008 жылы – Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «экономика бакалавры» мамандығы бойынша тамамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты.
























