Қалиева Гүлнәр Әскерқызы

    Бөлім басшысы

    Қалиева Гүлнәр Әскерқызы
    Басшы

    Қалиева Гүлнәр Әскерқызы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    1974 жылғы 30 қараша Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласында туған.

    Ұлты қазақ.

    1994 жылы Көкшетау кооператив техникумын «Бухгалтер» мамандығымен тамамдаған.

    2024 жылы Гуманитарлық-техникалық академияны «Бухгалтер» мамандығымен тамамдаған.

    Еңбек жолын 1994 жылдың мамыры Солтүстік Қазақстан облысы Соколов ауданының (қазіргі Қызылжар) Соколов аудандық ХББ-да бухгалтер болып бастады.

    Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Соколов аудандық әлеуметтік қорғау бөлімінің бухгалтері; Әлеуметтік сақтандыру қорының халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы; Қызылжар әлеуметтік көмек бөлімінде әлеуметтік қызметкер; Бескөл ауданының әлеуметтік қорғау бөлімінде жәрдемақы төлеу жөніндегі жетекші маман; Қызылжар аудандық әскери комитетінде есеп жүргізу жөніндегі инспектор; «Қызылжар аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-да жетекші маман; Қызылжар ауданы Налобин ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік мәселе жөніндегі маманы; Қызылжар ауданы Вагулин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері қызметтерін атқарды.

    2014 – 2016 жылдары Қызылжар ауданы Налобин ауылдық округі әкімінің аппаратында әлеуметтік мәселе жөніндегі маман; тіркеуші; статистик қызметтерін атқарды.

    2024 жылдан 2026 жылға дейін «Солтүстік Қазақстан облысының экономика басқармасы» КММ-да бас маман, басқарма қызметін қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

    2026 жылдың маусым айынан бастап жалпы конкурс қорытындысы бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» КММ-да бюджеттің орындалуы және қаржылық есеп беру қызметінің бас инспекторы болып жұмысын бастады.

    2026 жылдың тамыз айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бюджеттің орындалуы және қаржылық есеп беру қызметінің басшысы қызметіне тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері