
Магомедов Султан Салаевич
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Ол 1986 жылы 5 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Соколов ауданының Соколовка ауылында дүниеге келген.
Ұлты — шешен, жоғары білімі бар.
2008 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Ол еңбек жолын 2008 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінде бастады. 2012–2015 жылдары жеке секторда жұмыс істеді. 2016–2020 жылдары Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік департаментінде қызмет атқарды. 2020–2023 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы болды. 2023–2024 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау департаментінде бөлім басшысы қызметін атқарды. 2024 жылдың ақпан айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Экономикалық бөлімінің басшысы болып қызмет етеді.




