
Жақан Бағлан Советұлы
Руководитель отдела
Өмірбаян
1991 жылы 5 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының Мәскеу ауданында (қазіргі Есіл ауданы) Булақ ауылында дүниеге келген.
Ұлты – қазақ.
2 жоғары білімі бар. 2013 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетін «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2020 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Биотехнология» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін 2013 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-де экономист болып бастады және 2014 жылға дейін нұсқаушы қызметін атқарды. 2014 жылдан 2017 жылға дейін жеке құрылымдарда жұмыс істеді. 2017 жылдан 2019 жылға дейін «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-де талдаушы болып жұмыс істеді. 2019 жылдан 2020 жылға дейін «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» ММ-де газеттер мен телеарналарды мониторингілеу жөніндегі инспектор қызметін атқарды. 2020 жылдың қазан айында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ-де ақпараттық саясат бөлімінің бас маманы қызметіне мемлекеттік қызметке орналасты, осы қызметте 2026 жылға дейін жұмыс істеді. 2026 жылдың маусым айынан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» КММ-де идеология бөлімінің басшысы қызметін атқарады.




