
Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Өмірбаян
Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы 1971 жылы Көкшетау облысы Рузаев ауданының Андреевка ауылында дүниеге келген. Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын, Алматы экономика және статистика институтын, РФ Президентi жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттiк қызмет академиясын ғалым агроном, экономист, мемлекеттiк және муниципалды кәсiпорындар экономикасы магистрi мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы «Привольное» кеңшарының бригада есепшiсi болып бастады.
1995-2006 жылдары кәсiпкерлiк қызметпен айналысты;
2006-2019 жылдары Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның және Петропавл қаласының әкiмi болды;
2019 жылдың 20 наурызынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары болып тағайындалды.
«Құрмет» және «Парасат» ордендерiмен, «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл», «Астанаға 20 жыл» мерекелiк медальдарымен марапатталған.
«Кұрмет» орденімен (07.12.2007 ж.), «Парасат» орденімен (05.12.2011 ж.), ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен (16.10.2024 ж.), «Тыңға 50 жыл» (2004 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Астана 20 жыл» (2018 ж.) мерекелік медальдарымен марапатталған.





