
Кеңесов Нұрлан Маратұлы
Солтүстік Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары
Өмірбаян
1983 жылы 29 мамырда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (бакалавр, магистратура), «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондон империялық колледжін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тасымалдау және жол қозғалысы, менеджмент, көлік саласындағы басқару магистрі, политология магистрі, юриспруденция мамандықтары бойынша тамамдады.
2010-2011 жж. – Қарағанды облысы әкімі аппараты ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің сарапшысы.
2011-2013 жж. – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті кадр мәселесі жөніндегі басқармасының басшысы, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2013-2015 жж. – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары болды.
2015-2016 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2016-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі, кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры болды.
2019-2022 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі лауазымын атқарды.
2022-2023 жж. – «Қазақстан индустриясы және «QazIndustry» экспорты орталығы» АҚ индустриялық инфрақұрылымын дамыту дирекциясын басқарды, «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің Ұлттық статистика бюросы» РМК ұлттық талдау орталығының директоры, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» жобалық қызметті қамтамасыз ету орталығының аға директоры болды.
2023-2024 жж. – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаментінің директоры
2024-2025 жж. – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Көлік саясаты департаментінің директоры және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі өңірлік даму мониторингі бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.
2025 жылғы 2 қыркүйектен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.





