
Жүсіпова Қуаныш Таласқызы
Аппарат басшысының орынбасары
Өмірбаян
Қуаныш Таласқызы Жүсіпова 1978 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келді.
Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Солтүстік Қазақстан заң академиясын әлеуметтік педагог, заңтану бакалавры мамандықтары бойынша тамамдады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі.
Еңбек жолын 1999 жылы «Дәрі-Дәрмек» дәрілік заттар орталығының хатшысы болып бастады;
2005 - 2009 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, басшының орынбасары болып жұмыс істеді;
2009 - 2015 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының туризм және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарды;
2015 - 2018 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді;
2018 жылғы 20 ақпаннан Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.





