
Тоқышева Сәуле Әбдірахманқызы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
1978 жылы 01 қаңтарда Солтүстiк Қазақстан облысы Москва ауданы Корнеевка ауылында туған. Ұлты қазақ. Бiлiмi — жоғары.
1999 жылы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн «Психология» мамандығы бойынша тамамдады. 2009 жылы Солтүстiк Қазақстан заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша тамамдады.
Еңбек жолын 1999 жылы Петропавл қаласы Петропавл экономика-техникалық бiлiм кешенiнде психолог болып бастады. 2000 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы әдiлет басқармасының Петропавл қаласындағы АХАТ бөлiмiнiң бас маманы лауазымына мемлекеттiк қызметке өттi. 2006-2014 жылдар кезеңiнде ҚР жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша өңiраралық жер инспекциясында түрлi лауазымдарда жұмыс iстедi. 2014-2019 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппараты мемлекеттiк-құқықтық бөлiмiнде бас маманы болды, 2019 жылғы шiлдеден Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық бөлiм басшысы лауазымында қызмет етедi.





