Министрінің бірінші орынбасары
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы
1977 жылғы 15 қарашада Семей облысының Көкпекті ауылында (аудан орталығы) дүниеге келген. 2004 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия гуманитарлық институтын «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009 жылы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Әскери университетін «моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру» мамандығын бітірген. 2025 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті Бас штаб академиясы факультетінің «әскери істегі стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша білім алған. Марапаттары: I және II дәрежелі «Айбын» ордендері, «Ел қорғаны» медалі, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, сондай-ақ басқа да ведомстволық және мерейтойлық наградалармен марапатталған.