"Әскер тарланы" жылсайын өтетін әскери мамандар байқауы
"Әскер тарланы" жылсайын өтетін әскери мамандар байқауы
Министерство осуществляет государственную политику в области обороны, военно-политическое и военно-экономическое управление Вооруженными Силами Республики Казахстан, а также уполномоченным органом в сфере государственной авиации.
Министрлік қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін əскери-саяси жəне əскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті орган болып табылады.
Ашу
Ашу
Ашу
Ашу
Ашу
Ашу"Әскер тарланы" жылсайын өтетін әскери мамандар байқауы
"Жас сарбаз" әскери-патриоттық өлеңінің байқауы
"Батыл Тойтарыс" әскери оқу-жаттығуы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиыны
Елордада әскери қызметшілер арасында Халықаралық әскери спорт кеңесінің (Conseil International du Sport Militaire) қолдауымен қазақ күресінен I-ші әлем чемпионаты өтеді. Біріншіліктің ашылуы 14 тамызда Qazaqstan жеңілатлетикалық спорт кешенінің базасында өтеді. CISM турнирінің ұйымдастырушылары – ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті, ҚР Туризм және спорт министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Qazaq Kuresi қауымдастығы. Әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен өтетін I-ші әлем чемпионатында әлемнің 25 армиясының балуандары бағын сынайды. Қазақстанның намысын Қарулы күштер мен Мемлекеттік күзет қызметі құрамының мықты спортшылары қорғайды. Жекпе-жек ерлер арасында (55 келі, 60 келі, 66 келі, 74 келі, 82 келі, 90 келі, 100 келіге дейін және одан жоғары) және әйелдер арасында (48 келі, 52 келі, 56 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 77 келіге дейін және одан жоғары) 16 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Қазақстан өткен жылдың мамыр айында Танзаниядағы Сonseil International du Sport Militaire 79-шы Бас ассамблеясында және конгресінде жекпе-жектің ең көне түрінің тұсаукесерінен кейін әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен I-ші әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды. Әлем чемпионаты Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орайластырылған. Іс-шара аясында отандасымыздың өмірі мен ерлігіне байланысты бірегей құжаттар, фотосуреттер және артефактілер қойылатын тақырыптық көрме өтеді. Бұдан басқа, спорт форумының қонақтары қазақ мәдениетінің атмосферасымен таныса алады, яғни аренаның жанында киіз үйлер, ұлттық жәдігерлер мен дәстүрлі өнер үлгілері орнатылады. Естеріңізге сала кетсек, Conseil International du Sport Militaire – Халықаралық Олимпиада комитетінен кейінгі екінші маңызды спорттық ұйым. Ол 140-қа жуық ел қарулы күштері өкілдерінің басын қосады. Чемпионатты сәтті өткізу отандық күрес тарихында бетбұрыс жасауға ықпал етеді деп күтілуде, өйткені CISM қазақ күресін әлемдік армия турнирлерінің жыл сайынғы бағдарламасына, одан бөлек 2027 жылы АҚШ-та өтетін дүниежүзілік әскери ойындарға қосу мүмкіндігін қарастыруда.
"Айбын-2025" Әскери-патриоттық жиын Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 22-28 маусым аралығында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтында өткізіледі
Қандай жағдайларда офицер кезекті әскери атағын ала алмайды?
Өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған, сондай-ақ тиісті командирлердің (бастықтардың) (оның ішінде бос немесе бос емес лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша орындау кезінде) билігіндегі тәртіптік жазаның жойылмаған болуы кезінде. Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әскери қызметшілерге және әскери міндеттілерге, оның ішінде жоғары офицерлер құрамына әскери атақтарды беру, оның ішінде мерзімінен бұрын беру, төмендету, қалпына келтіру, одан айыру әскери қызмет өткеруқағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 96-тармағына сәйкес осы Қағидалардың 89-тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес кезекті әскери атақ, сондай-ақ офицерлер құрамының бірінші әскери атағын беруге қылмыстық іс қозғалған, сондай-ақ тиісті командирлердің (басшылардың) (оның ішінде бос немесе бос емес лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша орындау кезінде) қарамағында болған, әлі жойылмаған тәртіптік жаза болған кездегі әскери қызметшілер ұсынылмайды. Сілтеме: Әскери қызмет өткеру қағидаларының 96-тармағы https://adilet.zan.kz/rus/docs/U060000124
Әскери қызметшінің отбасылық жағдай бойынша әскери қызметтен шығу құқығы туралы түсініктеме беруіңізді сұраймын.
Әскери қызметшіні әскери қызметтен босату «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Осылайша, отбасылық жағдайларға байланысты әскери қызметтен босату үшін Заңның 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келуі қажет. Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, өзі әскери қызмет өткеретін жергілікті жерде оның отбасы мүшесінің медициналық көрсетілімдер бойынша тұруы мүмкін болмаған және оны жаңа әскери қызмет орнына ауыстыру мүмкіндігі болмаған кезде; отбасының басқа елді мекенге көшу қажеттілігіне байланысты әскери қызметші – жұбайының (әскери қызметші – зайыбының) әскери қызмет орнын өзгерткен; тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша тұрақты күтімге мұқтаж не бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа толған немесе он сегіз жасқа толмаған адамдарға, заң бойынша аталған азаматтарды күтіп-бағуға міндетті басқа адамдар болмаған кезде, тұрақты күтім жасау қажет болған; әскери қызметші анасыз (әкесіз) тәрбиелеп отырған он сегіз жасқа толмаған балаға (балаларға) күтім жасау қажет болған кездекелісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшінің әскери қызметтен отбасы жағдайлары бойыншамерзімінен бұрын шығарылуға құқығы бар. Осылайша, Заңның талаптарына сәйкес келген жағдайда Сіз әскери қызметтен мерзімінен бұрын шығарылуға құқылысыз. Сілтеме: Заңның 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасы https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1200000561
Кейіннен әскери қызметке кіру кезінде адамды ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың құқықтық салдарлары туралы түсіндіруді сұраймын.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес қылмыстық жауапкершіліктен босатылған адамдар әскери қызметке қабылдануға жатпайды. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 38-бабында келісімшарт бойынша әскери қызметке түсетін адамдарға қойылатын талаптар белгіленеді. Осылайша, Заңның 38-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарына немесе 36-бабына сәйкес қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданбайды. Әскери қызмет өткеру және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған әскери қызметшілер осы Кодекстің 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызметтен босатылуға жатады. Сілтеме: Заңның 26-бабы 2-тармағы 2) тармақшасы, 38-бабы 2-тармағы 6) тармақшасы https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1200000561
«Подполковник» әскери атағында жасалған келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты, 47 жасқа толған жағдайда әскери қызметтен шығару мүмкіндігі туралы түсіндіруді сұраймын.
Иә, егер подполковник әскери атағы Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы Заңының өтпелі ережелерінде көзделген жағдайларда берілсе. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының «бұдан әрі - Заң» 25-бабы 1-тармағы 2-1) тармақшасына сәйкес, «подполковник» әскери атағындағы әскери қызметшілерге әскери қызметшiлердiң әскери қызметте болуының шектi жасы 48. Сонымен қатар, Заңның 55-бабы 3-2-тармағына сәйкес, подполковник" əскери атағы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жəне 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген əскери қызметшілер шекті жасқа – қырық жеті жасқа толғаннан кейін қызметтен шығуға немесе отставкаға кетуге құқылы. Осылайша, «подполковник» әскери атағындағы әскери қызметшілер үшін 47 жаста әскери қызметтен шығару үшін міндетті шарт мұндай әскери қызметшілердің шекті жасы 48 жасқа дейін ұлғайтылған Заң нормасы енгізілгенге дейін аталған әскери атақ беру болып табылады. Сілтеме: Заңның 25-бабы 1-тармағы 2-1) тармақшасы, 55-бабы 3-2-тармағы https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1200000561
Келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта қабылданатын азаматтардың жасына қойылатын талаптарға қатысты түсіндіруді сұраймын.
Әскери қызмет өткеру туралы заңнаманың белгіленген талаптары ескеріле отырып, 18 жастан 52 жасқа дейінгі адам қайтадан оқуға түсуі мүмкін, барлығы сол адамның әскери атағына байланысты. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 38-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес запастағы азаматтарда бар әскери атақтарды ескере отырып, олар мынадай жастарға жеткенге дейін келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіре алады: қатардағы және кіші сержанттық құрам 32,5 жасқа дейін; кiшi офицерлiк және аға сержанттық құрам 37 жасқа дейiн; аға офицерлер құрамы майор 42 жасқа дейiн, подполковник 43 жасқа дейiн, полковник 50 жасқа дейiн; жоғары сержанттар құрамы штаб-сержант және шебер сержант 50 жасқа дейін. Бұдан басқа, егер бұрынғы қызмет өткеру кезеңiнде кемiнде он екi жыл және алты ай еңбек сiңiрген жылдары болса, мұндай адам мынадай жастарға жеткенге дейін келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіре алады: қатардағы және кіші сержанттық құрам 42 жасқа дейін; кiшi офицерлiк және аға сержанттық құрам 44 жасқа дейiн; аға офицерлер құрамы майор 44 жасқа дейiн, подполковник 45 жасқа дейiн, полковник 52 жасқа дейiн; жоғары сержанттар құрамы штаб-сержант және шебер сержант 52жасқа дейін. Сілтеме: Заңның 38-бабы, 1-тармағы, 3) тармақшасы https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1200000561
Тиісті бос лауазымдардың болуы және қызмет өткеруге үміткер ретінде одан әрі қарау мүмкіндігі туралы хабарлауыңызды сұраймын.
Бос лауазымдардың бар-жоғы туралы ақпаратты әскери басқарудың жергілікті органдарынан (департамент, басқарма немесе әскери істер жөніндегі бөлім) және әскери бөлімдерден (мекемелерден) алуға болады, онда белгіленген талаптарға сай болған жағдайда әскери қызметке қабылдау туралы мәселе қаралады.
БҰЙЫРАМЫН: 1.«Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің міндетін уақытша атқарушының 2025 жылғы 27 мамырдағы № 622 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілгенбұйрықпенбекітілген ҚарулыКүштермемлекеттікмекемелерініңтауарларды(жұмыстарды,көрсетілетінқызметтерді)өткізужәнеолардыөткізудентүскенақшаныпайдалануқағидаларында: 17-тармақта 11) тармақшадағы «өкілдік шығысты төлеуге жұмсалады.» деген сөздер «өкілдік шығысты төлеуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын: «12) көрсетілетін кір жуу қызметіне; 13)цифрландыру саласындағыконсалтингтік көрсетілетін қызметкеақы төлеуге; 14) цифрландыру саласындағы тауарларға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) ақы төлеуге жұмсалады.»; 1-қосымшадағы 9-тармақтың 6) тармақшасымынадайредакциядажазылсын: «6)бастапқы әскери даярлық, әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық оқытушыларын, Қазақстан Республикасының азаматтарын запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарбағдарламасы бойынша әскери даярлау мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру;»; 2-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 3-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 4-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді. 2.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген тәртіппен: 1)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2)осыбұйрықтыҚазақстанРеспубликасыҚорғанысминистрлігініңинтернет-ресурсынаорналастыруды; 3)осыбұйрықалғашқыресмижарияланғанкүнненкейінкүнтізбелікон күнішіндеосытармақтың1)және2)тармақшаларыныңорындалуытуралымәліметтердіҚазақстанРеспубликасыҚорғанысминистрлігініңЗаңдепартаментінежіберуді қамтамасыз етсін. 3.Осыбұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4.Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін. 5.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенантыД. Қосанов
2026 жылғыүшіншітоқсан үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында Қазақстан Республикасы Қорғанысминистрлігінің қызметі туралы есеп 1. Жалпы ереже Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. бекітілген бұйрығымен Қорғаныс министрлігімен 19 түрлі мемлекеттік қызмет(оның ішінде 18-сы электрондық форматта көрсетіледі)және 40 кіші түрі(барлығы көрсетудің электрондық форматына көшірілген)көрсетіледі. 19 мемлекеттік қызметтің ішінен 18 түрлі мемлекеттік қызмет ақысыз негізде, 2-еуі ақылы негізде көрсетіледі. 2026 жылғы үшінші тоқсан үшін Қорғаныс министрлігі 46485 мемлекеттік қызмет көрсетті. Электрондық түрде 46485 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Есептік кезең үшін сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер мынадай қызметтер болып табылады, атап айтқанда: 1.«Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою» - 18 110 (39%) мемлекеттік қызмет көрсетілген; 2.«Әскери міндеттілерге әскери билет немесе олардың телнұсқаларын беру» - 9 984 (21%) мемлекеттік қызмет көрсетілген; 3.«Әскери қызмет туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) -7 386 (16%)мемлекеттікқызмет көрсетілген. 2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру бойынша іс-шаралар Сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету және олардың қолжетімділігін, оның ішінде жаңа технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану негізінде ұлғайту, қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін жетілдіру елдің мемлекеттік басқару саласын дамытудың басымдығы болып табылады. Осылайша, Қорғаныс министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен бірлесіп, eGov 3.0 «цифрлық үкімет» веб-порталын(бұдан әрі – Портал)жаңғырту жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қайта жинау және оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізуде, атап айтқанда: «Әскери міндеттілерге әскери билеттерді немесе олардың телнұсқаларын беру»; «ҚР ҚК қызметтік баспанаға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою»; «ҚР ҚК қызметтік баспанаға мұқтаж азаматтық персоналын (қызметкерлерін) есепке қою»; «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою»; «Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерінің отбасы мүшелеріне жерлеуге арналған біржолғы төлемді және біржолғы жәрдемақыны тағайындау». Порталдың жаңартылған нұсқасындағы негізгі өзгерістер азаматтар үшін мемлекеттік қызметке жүгіну қадамдарын қысқартуға, «өмірлік жағдайлар» бойынша қызмет көрсетуге(нақты қызметті іздеудің орнына өзінің өмірлік жағдайын сипаттауға болады), AI-көмекшіні(eGov GPT)енгізуге бағытталған. 3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау Мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша 2026 жылғы үшіншітоқсанда Қорғаныс министрлігі 19 бақылау іс-шарасын өткізді. Бақылау іс-шараларын жүргізу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарлату бойынша тиісті ұсыныстар берілді, сонымен бірге, мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандарға консультациялық және практикалық көмек көрсетілді.
БҰЙЫРАМЫН: Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 3) алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Д. Қосанов
БҰЙЫРАМЫН: «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 910 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19616 болып тіркелген)мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидаларында: 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «7. Іріктеу комиссиясы жұмысты ұйымдастыру мақсатында мынадай іс-шараларды жүргізеді: кандидаттардың жеке ісін тексеру; кандидаттардың әскери-есептік мамандығына және тағайындау үшін қаралатын әскери лауазымның біліміне сәйкес келуін тексеру; кандидаттардыңденешынықтырудайындығынтексеру; кәсібижәнепсихологиялықіріктеужөніндегііс-шаралардыжүргізу; іріктеукомиссиясыныңотырысындаіріктелгенкандидаттардықарау; «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген мәліметтердің болуына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Талдау орталығы» ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттарды тексеру.». Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Д. Косанов