Қандай жағдайларда офицер кезекті әскери атағын ала алмайды?
Өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған, сондай-ақ тиісті командирлердің (бастықтардың) (оның ішінде бос немесе бос емес лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша орындау кезінде) билігіндегі тәртіптік жазаның жойылмаған болуы кезінде.
Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әскери қызметшілерге және әскери міндеттілерге, оның ішінде жоғары офицерлер құрамына әскери атақтарды беру, оның ішінде мерзімінен бұрын беру, төмендету, қалпына келтіру, одан айыру әскери қызмет өткеруқағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 96-тармағына сәйкес осы Қағидалардың 89-тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес кезекті әскери атақ, сондай-ақ офицерлер құрамының бірінші әскери атағын беруге қылмыстық іс қозғалған, сондай-ақ тиісті командирлердің (басшылардың) (оның ішінде бос немесе бос емес лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша орындау кезінде) қарамағында болған, әлі жойылмаған тәртіптік жаза болған кездегі әскери қызметшілер ұсынылмайды.
Сілтеме: Әскери қызмет өткеру қағидаларының 96-тармағы
https://adilet.zan.kz/rus/docs/U060000124