Әскери қызметшінің отбасылық жағдай бойынша әскери қызметтен шығу құқығы туралы түсініктеме беруіңізді сұраймын.
Әскери қызметшіні әскери қызметтен босату «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Осылайша, отбасылық жағдайларға байланысты әскери қызметтен босату үшін Заңның 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келуі қажет.
Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, өзі әскери қызмет өткеретін жергілікті жерде оның отбасы мүшесінің медициналық көрсетілімдер бойынша тұруы мүмкін болмаған және оны жаңа әскери қызмет орнына ауыстыру мүмкіндігі болмаған кезде;
отбасының басқа елді мекенге көшу қажеттілігіне байланысты әскери қызметші – жұбайының (әскери қызметші – зайыбының) әскери қызмет орнын өзгерткен;
тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша тұрақты күтімге мұқтаж не бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа толған немесе он сегіз жасқа толмаған адамдарға, заң бойынша аталған азаматтарды күтіп-бағуға міндетті басқа адамдар болмаған кезде, тұрақты күтім жасау қажет болған;
әскери қызметші анасыз (әкесіз) тәрбиелеп отырған он сегіз жасқа толмаған балаға (балаларға) күтім жасау қажет болған кездекелісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшінің әскери қызметтен отбасы жағдайлары бойыншамерзімінен бұрын шығарылуға құқығы бар.
Осылайша, Заңның талаптарына сәйкес келген жағдайда Сіз әскери қызметтен мерзімінен бұрын шығарылуға құқылысыз.
Сілтеме: Заңның 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасы
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1200000561