Құрметті әскери қызметшілер! Қадірлі ардагерлер! Отандастар!

    Сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастық – мемлекеттің басты құндылығы. Тәуелсіздікті қорғап, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің негізгі міндеті саналады.

    Бүгінде Қазақстан Президентінің тапсырмасымен мемлекеттің қорғаныс әлеуетін нығайтуға бағытталған кешенді әскери реформа жүзеге асырылуда.

    Бұл жүйелік өзгерістер Қарулы күштердің құрылымынан бастап, әскери басшылықтың заманауи мәдениетін қалыптастыруға, қорғанысты жоспарлаудан әскерлерді технологиялық қайта жарақтандыруға, әскери тәртіп пен командирлердің жауапкершілігін нығайтудан, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сөзсіз басымдық ретінде қамтамасыз етуге дейінгі кең ауқымды мәселелерді қамтиды.

    Бүгінгі мерекеде Қарулы күштердің жеке құрамына, ардагерлерге және барша қазақстандықтарға зор денсаулық, отбасыларына амандық және елімізге ашық аспан тілеймін!

    Құрметпен,

    Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

    генерал-майор А. Мырзахметов

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі" жаңалықтары