2026 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады.
Еліміздің түкпір-түкпіріндегі Қарулы күштердің әскери қызметшілері Президенттің сөзін зор ықыласпен тыңдады. Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер мен Қазақстанның даму бағдарлары жеке құрамның қолдауына ие болды.
Жолдауда Президент инфрақұрылымды жаңғырту, энергетикалық қауіпсіздік пен елдің көлік әлеуетін нығайту, цифрлық экономиканы және жасанды интеллектіні дамыту бағыттарын басымдық ретінде белгіледі. Сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға ерекше назар аударылды.
Қарулы күштер үшін бұл бағыттардың маңызы зор. Дамыған инфрақұрылым, сенімді энергиямен жабдықтау, заманауи технологиялар мен білікті кадрлар мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін нығайтады.
Мемлекет басшысы қойған міндеттер әрбір қызмет бағытында жауапкершілік танытып, нақты нәтижелерге қол жеткізуді талап етеді. Әскери қызметшілер үшін бұл, ең алдымен, жауынгерлік даярлықты жетілдіруді, заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы меңгеруді және әскери тәртіпті нығайтуды білдіреді.
Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын сенімді қорғай отырып, Қарулы күштер азаматтардың бейбіт еңбек етуіне және еліміздің тұрақты дамуына қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.









