
Жұмабаев Руслан Исаұлы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы комитетінің төрағасы
Өмірбаян
1968 жылы 15 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген.
1989 жылы М.М. Раскова атындағы Тамбов жоғары әскери авиациялық ұшқыштар мектебін «Командалық-тактикалық авиация» мамандығы бойынша үздік бітірген.
2002 жылы Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын «Әскери және әкімшілік басқару» мамандығы бойынша алтын медальмен бітірген.
2008 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Кәсіпорындардағы (көліктегі) экономика және басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын № 405 авиациялық жөндеу зауытында слесарь-ұшу аппараттарын құрастырушы болып бастаған. Әскери қызметін ұшқыштан әуе базасының командиріне дейін әртүрлі командалық лауазымдарда атқарды. Запастағы полковник, Тәжікстан-Ауғанстан шекарасындағы жауынгерлік қимылдарға қатысқан. 2006 жылы әскери қызметін аяқтағаннан кейін коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда мансабын жалғастырды.
2023 жылдың желтоқсанынан бастап «Қазақстан авиация индустриясы» ЖШС бас директорының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары болды.
2025 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы комитетінің төрағасы.





