
Басқожаев Тілеухан Қалилаұлы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы
Өмірбаян
азаматтық:
1) Қазақ Мемлекеттік Заң университеті, Алматы 1998 ж.
2) 2009 жылы ҚР ҚМ ӘИ ағылшын тілі бойынша қарқынды тілдік даярлық курсы
1975 жылы 24 қазанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауылында дүниеге келген
Отбасылық жағдайы үйленген, 5 баласы бар
1998 жылдың желтоқсанынан 1999 жылдың қарашасына дейін инженерлік-техникалық рота командирінің 28237 ә/б тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары (Ұзынағаш ауылы);
2000 жылдың қазанынан 2001 жылдың қаңтарына дейін Алматы өңірлік гарнизоны (Алматы қ.) әскери полиция жасағының анықтау және жедел-іздестіру жұмысы бөлімінің анықтаушы-инспекторы;
2001 жылдың ақпаыннан 2003 жылдың шілдесіне дейін Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының анықтау бөлімінің аға анықтаушы-инспекторы (Алматы қ.);
2003 жылдың шілдесінен 2006 жылғы мамырға дейін жасақ бастығының орынбасары (заң мәселелері бойынша) – Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының анықтау және іздестіру бөлімінің бастығы (Алматы қ.);
2006 жылдың мамырынан 2010 жылғы наурызға дейін әскери полиция бөлімінің бастығы (2 разряд) Қапшағай гарнизоны (Қапшағай қ.);
2010 жылдың наурызынан 2012 жылғы қазанға дейін Талдықорған гарнизоны әскери полиция бөлімінің бастығы (Талдықорған қ.);
2012 жылғы қазанынан 2013 жылғы маусымға дейін бас басқарма бастығының орынбасары (заң мәселелері жөніндегі) – ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасының қылмыстық қудалау басқармасының бастығы (Астана қ.);
2013 жылдың маусымынан 2017 жылғы қаңтарға дейін бас басқарма бастығының орынбасары – ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасының қылмыстық қудалау басқармасының бастығы (Астана қ.);
2017 жылдың қаңтар-қазаны аралығында ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасының бастығы (Астана қ.);
2017 жылдың желтоқсаннан 2018 жылғы шілдеге дейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің Біліктілікті арттыру факультетінің бастығы (Астана қ.);
2021 жылдың шілдесінен 2023 жылдың ақпанына дейін Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің бастығы (Астана қ.);
2023 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ҚМ Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы (Астана қ.).


