
Құсаинов Олжас Сағындықұлы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы
Өмірбаян
2002 жылы Ақтөбе жоғары әскери авиациялық училищесін бітірген.
Хусаинов Олжас Сағындықұлы 1981 жылы 31 мамырда Көкшетау қаласында дүниеге келген. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін біледі. Үйленген. Үш бала тәрбиелеп отыр.
Қызмет өткеру:
1998-2002 жылдары-Ақтөбе жоғары әскери авиациялық училищесінің курсанты;
2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінде қызмет өткерген;
2005-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Халықаралық бағдарламалар Бас басқармасының бөлім офицері;
2007-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаментінің аға офицері;
2011-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы;
2015-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басқарма бастығы;
2017-2019 жылдары-ҚР ҚМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары-басқарма бастығы;
2019 жылғы ақпаннан-Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы.
Марапаттары:
II дәрежелі "Айбын" ордені, "халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі, сондай-ақ III, II және I дәрежелі Мінсіз қызметі үшін медальдар.


