
Садықов Қайрат Әнуарбекұлы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы
Өмірбаян
1967 жылы 14 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында дүниеге келген.
1988 жылы Орынбор жоғары зениттік зымыран командалық училищесін бітірді.
2010 жылы – Ұлттық қорғаныс университетінің жоғары академиялық курстары.
2013 жылы – «Құқықтану» мамандығы бойынша көлік және құқық гуманитарлық университеті.
Сол жылы Қырғыз Республикасының Жоғары аттестаттау комиссиясының шешімімен оған «философия ғылымдарының кандидаты»ғылыми дәрежесі берілді.
2022 жылы Ұлттық қорғаныс университетінің Бас штаб факультетін бітірген түлек.
1984 - 1988 ж.ж. - Орынбор жоғары зениттік-зымырандық командалық училищесінің курсанты.
1988 - 2010 ж.ж. – әр жылдары взвод командирінен бірнеше әскери бөлімдердің командирі лауазымдарын атқарды.
2010 - 2017 ж.ж. - Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы.
2017 - 2019 ж.ж. - Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының (тәрбие және идеологиялық жұмыс бойынша) орынбасары - бас басқармасының бастығы.
2019 - 2023 ж.ж. - ҚР Қарулы Күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы.
2023 – 2025 ж.ж. – Бас штаб бастығы - Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары.
2025 жылғы 18 маусымда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды
Әскери атағы: генерал-майор (2015 жыл).
Тілді меңгеруі: қазақ, орыс.
Марапаттары: II дәрежелі «Даңқ», II дәрежелі «Айбын» ордендері, мерейтойлық медальдар.




