
Әсемқұлов Жандос Боқанұлы
ҚР ҚК Мемлекеттік сатып алу бас басқармасының бастығы
Өмірбаян
Жалпы мәлімет, білімі:
1974 жылы 31 мамырда Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Жақсылық ауылында дүниеге келген.
1997 жылы Ярославск жоғары әскери қаржы училищесін, 2002 жылы Әскери қаржы-экономикалық университетін бітірген.
Мансабы:
1997 жылы – Жамбыл облыстық әскери комиссариатында қызмет атқарды;
1999 жылы – Астана қаласы әскери комиссариатында Қаржы-шаруашылық бөлімшесінің бастығы;
2002 жылы – «Жас ұлан» республикалық мектебі бастығының көмекшісі (қаржы және экономикалық жұмыс бойынша) – қаржы қызметінің бастығы;
2004 жылы – Құрлық әскерлері бас қолбасшысының көмекшісі (қаржы және экономикалық жұмыс бойынша) - ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасы қаржы-экономикалық бөлімінің бастығы;
2004 жылы – ҚР ҚМ Экономика және қаржы департаментінің Мемлекеттік сатып алу бойынша есепке алу және есептілік бөлімінің аға офицері;
2006 жылы – ҚР ҚМ Экономика және қаржы департаментінің Мемлекеттік сатып алу бойынша есепке алу және есептілік бөлімінің бастығы;
2009 жылы – ҚР ҚМ Шарттық қызметті бақылау және мониторингілеу басқармасы бақылау бөлімі офицерінің ЛУА;
2015 жылы – ҚР ҚК Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы жоспарлау және талдау басқармасының бастығы
2016 жылы – ҚР ҚК Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы бастығының орынбасары;
2017 жылы – ҚР ҚМ Бас қаржы инспекциясы (ішкі мемлекеттік аудит қызметі) ұйымдастыру-талдау басқармасының аға инспекторы;
2019 жылы – ҚР ҚМ Бас қаржы инспекциясы ұйымдастыру-талдау басқармасының (ішкі аудит қызметінің) аға инспекторы – мемлекеттік аудиторы;
2022 жылы – ҚР ҚМ Экономика және қаржы департаменті бастығының орынбасары;
2022 жылы ҚР ҚК Мемлекеттік сатып алу бас басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.


