
Өмірбаян
Бағлан Өсербаев 1978 жылы 10 қарашада Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында дүниеге келген.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери академиясында «мотоатқыштар әскерлерін басқару тактикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Оған қоса «әскери және әкімшілік басқару» бағыты бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.
2020 жылы Ұлттық қорғаныс университетіндегі «Қарулы күштердің Бас штаб академиясы» факультетінде әскери істегі стратегиялық менеджмент бағдарламасы бойынша оқуын аяқтады.
Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріндегі әскери қызметін десанттық-шабуылдау взводының командирі қызметінен бастады. Рота командирінен бастап әртүрлі гарнизондарда әскери бөлімдер командиріне дейінгі барлық негізгі командалық лауазымдардан өтті.
Осы лауазымға дейін ол штаб бастығы – «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.





