Қызметкерлер — Жезқазған қалалық маслихатының аппараты

    Жезқазған қалалық маслихатының аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Қапарова Раушан Оңқонысқызы
    Қызметкерлер

    Қапарова Раушан Оңқонысқызы

    Депутат

    Қапарова Раушан Оңқонысқызы 1975 жылы туған. Жезқазған қаласының тұрғыны. Білімі: жоғары. Ө.А. Байқоңыров атындағы ЖезУ-ің қазақ филологиясы және тарих факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1995 жылы Жезді аудандық білім беру бөлімінің фильмотека директоры қызметінен бастаған. Кейін Жезді және Атасу поселкелерінде оқытушы болып жұмыс атқарған. Музейдегі еңбек жолын 2003 жылы экскурсия жүргізушісі қызметінен бастап, Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің басшысы қызметіне дейін жоғарылаған. Қазіргі уақытта Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы. Жезқазған қалалық мәслихатының VII, VIII шақырылымдарының депутаты. «AMANAT» партиясы Жезқазған қалалық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі, партиялық бақылау комитетінің төрағасы. Ұлытау облыстық Аналар кеңесінің төрайымы, облыстық отбасы және әйелдер мәселелері жөніндегі комиссиясының және Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі. Жалпы еңбек өтілі – 28 жыл. Отбасылық жағдайы: Тұрмыста. Көпбалалы ана.

    Басқа қызметкерлер

    19
    Ибадатова Турсынай Шахмуратовна
    Қызметкерлер

    Ибадатова Турсынай Шахмуратовна

    Депутат

    Ибадатова Турсынай Шахмуратовна 1979 жылы 25 сәуірде Қарағанды облысы Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2001жылы А.Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін өндірістік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі-инженер-құрылысшы.2013 жылы Қарағанды экономикалық университетін экономика және бизнес мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі кезде «Ютария LTD» ЖШС директорының орынбасары. 2020жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды. «AMANAT» партиясының мүшесі. Жезқазған қалалық мәслихатының VІІ,VІІІ шақырылымдарының депутаты.

    Кенжебеков Арман Хуандыкович
    Қызметкерлер

    Кенжебеков Арман Хуандыкович

    Депутат

    Кенжебеков Арман Хуандыкович 1993 жылы 8 сәуірде Қарағанды облысы Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2015 жылы А.Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.2017 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін филология мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі кезде А.Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Рухани Жаңғыру» АҚ-ы орталығының басшысы. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2021 жылы 28 тамызында Жезқазған қалалық мәслихатының №10/82 шешімімен тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бірліктен тыс тұрақты тұруға кетуіне байланысты Арман Хуандықұлы Кенжебековтің депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын босатылды.

    Орынбетова Макпал Касымовна
    Қызметкерлер

    Орынбетова Макпал Касымовна

    Депутат

    Орынбетова Макпал Касымовна 1965 жылы 17 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін журналист мамандығы бойынша бітірді. 2004 жылы ҚР Президентінің «Алғыс хатымен»,Қарағанды облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен»,2019 жылы Қарағанды облысы әкімінің «Алғыс хатымен», Жезқазған қалалық мәслихаты мен Жезқазған қаласы әкімінің «Құрмет грамотасымен»,2020 жылы Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі». төсбелгісімен марапатталды.Қазіргі кезде Жезқазған қаласы «Дидар» телеарнасының бас продюссері. «Ақ жол» партиясының мүшесі. VІІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.

    Әлімжан Амангелді Симбайұлы
    Қызметкерлер

    Әлімжан Амангелді Симбайұлы

    Депутат

    Әлімжан Амангелді Симбайұлы 1973 жылы 17 наурызында Павлодар облысында дүниеге келген. 1996 жылы Томск мемлекеттік университетін роботтар және роботтандырылған жүйелер мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі кезде «ҚазЭкспертиза Орталығы» ЖШС техникалық жетекшісі. «AMANAT» партиясының мүшесі. VІІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.

    Сотников Виктор Юрьевич
    Қызметкерлер

    Сотников Виктор Юрьевич

    Депутат

    Сотников Виктор Юрьевич 1958 жылы 7 қаңтарда дүниеге келген. 1984 жылы Иваново қаласының энергетикалық техникумын техник-электрик мамандығы, 1994 жылы Алматылық энергетикалық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі кезде «Корпорация Қазақмыс»ЖШС-нің электр жүйесі кәсіпорынының техникалық директоры.2005 жылы «ҚР Конституциясына 10 жыл», 2012 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, 2014 жылы «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл», 2020 жылы «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл» медальдарымен марапатталды.«AMANAT» партиясының мүшесі. V,VІ, VІІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.

    Салыкова Жанар Саркеновна
    Қызметкерлер

    Салыкова Жанар Саркеновна

    Депутат

    Салыкова Жанар Саркеновна 1970 жылы 5 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1992 жылы Жезқазған педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.. Қазіргі кезде «Кәсіп Қазақмыс» кәсіподағы аппаратының жетекшісі. ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен марапатталды.«AMANAT» партиясының мүшесі. VІІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.

    Сулейменов Акансери Жанболатович
    Қызметкерлер

    Сулейменов Акансери Жанболатович

    депутат

    Сулейменов Акансери Жанболатович родился 11 сентября 1988 года в городе Жезказган Карагандинской области. Закончил Жезказганский университет им.О.Байконурова по специальности экономист в 2010 году. В настоящее время работает на предприятии ТОО «Cuadro». Член партии «AMANAT». Депутат Жезказганского городского маслихата VІІ созыва.

    Досанов Абдрахман Муханбетжанович
    Қызметкерлер

    Досанов Абдрахман Муханбетжанович

    Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы

    Досанов Абдрахман М ұ ханбетжан ұлы 1960 жылы 3 шілдеде Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қарсақбай кеншарында дүниеге келді.Білімі:жоғары. Жезқазған педагогикалық институтын сызу, сурет және еңбек мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Есен Үсен Бекболатұлы
    Қызметкерлер

    Есен Үсен Бекболатұлы

    Депутат

    Есен Үсен Бекболатұлы 1993 жылы 29 қыркүйекте Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Жезқазған гуманитарлық колледжін қаржы мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі кезде«Yessen city»директоры, «Amanat» партиясының мүшесі. Жезқазған қалалық мәслихатының VІІІ шақырылымының депутаты.

    Рахай Нұрдәулет Құрманқұлұлы
    Қызметкерлер

    Рахай Нұрдәулет Құрманқұлұлы

    Депутат

    Рахай Нұрдәулет Құрманқұлұлы 1966 жылы 4 маусымда Қарағанды облысында Қарсақпай кентінде дүниеге келген. 1989 жылы Жезқазған құрылыс техникумын техник құрылысшы мамандығы бойынша, 2000 жылы Жезқазған тау-кен университетін инженер-электрик мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі кезде «Kazakhmys Distribution» ЖШС Жезқазған қалалық электр желілер және подстанцияларының цех басшысы. «Amanat» партиясының мүшесі. Жезқазған қалалық мәслихатының VІІІ шақырылымының депутаты.

    Умирбеков Ринат Кайратович
    Қызметкерлер

    Умирбеков Ринат Кайратович

    Депутат

    Умирбеков Ринат Кайратович 1986 жылы 8 қыркүйекте Ұлытау облысы Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетін «Саясаттану»мамандығы бойынша, 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша магистратурасын бітірді. Қазіргі кезде Ұлытау облысының «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ директорының орынбасары. «Amanat» партиясының мүшесі. Жезқазған қалалық мәслихатының VІІІ шақырылымының депутаты.

    Рымбаева Роза Жиханкеровна
    Қызметкерлер

    Рымбаева Роза Жиханкеровна

    Депутат

    Рымбаева Роза Жиханкеровна 1985 жылы 20 желтоқсанда Ұлытау облысында Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2007 жылы А.Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін менеджмент мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі кезде ЖК «Роза Рымбаева» басшысы. «Amanat» партиясының мүшесі. Жезқазған қалалық мәслихатының VІІІ шақырылымының депутаты.

    Шлехт Александр Владимирович
    Қызметкерлер

    Шлехт Александр Владимирович

    Депутат

    Шлехт Александр Владимирович 1983 жылы 7 қарашада Жезқазған облысы Ағадыр ауданы Успенский совхозында дүниеге келген. 2006 жылы Қарағанды қаласындағы №21 кәсіптік мектепті теміржол станцияның кезекші мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі кезде құю механикалық завод- электрпешінің болат балқытушысы. «Amanat» партиясының мүшесі. Жезқазған қалалық мәслихатының VІІІ шақырылымының депутаты.

    Рустемов Амир Алимуханович
    Қызметкерлер

    Рустемов Амир Алимуханович

    Мәслихат депутаты

    Рустемов Амир Алимуханович 1990 жылы 12 мамырда Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Жезқазған индустриалды гуманитарлық колледжді қаржы мамандығы бойынша, 2012 жылы С.Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университетін қаржы мамандығы бойынша, 2013 жылы Қазақ инженерлік-техникалық академиясын, 2015 жылы Жезқазған тау-кен университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі кезде «Рустемов А.А.» ЖК басшысы. «Amanat» партиясының мүшесі. Жезқазған қалалық мәслихатының VІІІ шақырылымының депутаты.

    Тилесова Мейрамкуль Токсеитовна
    Қызметкерлер

    Тилесова Мейрамкуль Токсеитовна

    Мәслихат депутаты

    Тилесова Мейрамкуль Токсеитовна 1991 жылы 7 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2010 жылы Қарағанды бизнес, басқарма және құқық университетінің бизнес колледжін сауда мамандығы бойынша және Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша бітірді. Қазақстан Республикасының Кекушинкай каратэ бойынша спорт шебері. Қазіргі кезде ЖК «OINA» директоры. «Amanat» партиясының мүшесі. Жезқазған қалалық мәслихатының VІІІ шақырылымының депутаты.

    Әлсеитов Ануарбек Мұратұлы
    Қызметкерлер

    Әлсеитов Ануарбек Мұратұлы

    Депутат

    Ануарбек Мұратұлы Әлсеитов 1987 жылы 25 мамырда Жезқазған қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытта «Альсеитова Г.Б.» ЖК директоры. «Amanat» партиясының мүшесі. Жезқазған қалалық мәслихатының VІІІ шақырылымының депутаты.

    Мусилов Мейрам Муханбедиұлы
    Қызметкерлер

    Мусилов Мейрам Муханбедиұлы

    Мәслихат депутаты

    Мейрам М у ханбедиұлы М у силов 1981 жылы 3 қарашада Жезқазған облысы Сәтбаев қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Алматы қаласының Халықаралық Бизнес Академиясын, 2004 жылы О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің экономика және құқық институтын бітірді. Қазіргі кезде «ПМК-2011» ЖШС басшысы.«Amanat» партиясының мүшесі. Жезқазған қалалық мәслихатының VІІІ шақырылымының депутаты

    Нұрмағанбетов Едіге Төлегенұлы
    Қызметкерлер

    Нұрмағанбетов Едіге Төлегенұлы

    Мәслихат депутаты

    Нұрмағанбетов Едіге Төлегенұлы 1995 жылы 17 мамырда Қарағанды облысы Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2018 жылы Астана қаласындағы Тұран университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі уақытта "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Әлеуметтік және еңбек қатынастары бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді. Жезқазған қалалық мәслихатының VІІІ шақырылымының депутаты.

    Шаяхметов Мұрагер Ерланұлы
    Қызметкерлер

    Шаяхметов Мұрагер Ерланұлы

    Мәслихат депутаты

    Мұрагер Ерланұлы Шаяхметов 1992 жылы 14 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. Ұлыбританияның Кембридж қаласында Bellerbys College Cambridge, Брайтон қаласында Bellerbys College Brighton колледждерді «математика» біліктілігі бойынша тәмәмдады. Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде «экономика» мамандығы бойынша жоғары білім алды. Қазіргі уақытта «Казахмыс Смэлтинг» ЖШС басқарма мүшесі. Жезқазған қалалық мәслихатының VІІІ шақырылымының депутаты.