
Өмірбаян
Рустемов Амир Алимуханович 1990 жылы 12 мамырда Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Жезқазған индустриалды гуманитарлық колледжді қаржы мамандығы бойынша, 2012 жылы С.Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университетін қаржы мамандығы бойынша, 2013 жылы Қазақ инженерлік-техникалық академиясын, 2015 жылы Жезқазған тау-кен университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі кезде «Рустемов А.А.» ЖК басшысы.
«Amanat» партиясының мүшесі. Жезқазған қалалық мәслихатының VІІІ шақырылымының депутаты.





