
Өмірбаян
Сотников Виктор Юрьевич 1958 жылы 7 қаңтарда дүниеге келген. 1984 жылы Иваново қаласының энергетикалық техникумын техник-электрик мамандығы, 1994 жылы Алматылық энергетикалық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі кезде «Корпорация Қазақмыс»ЖШС-нің электр жүйесі кәсіпорынының техникалық директоры.2005 жылы «ҚР Конституциясына 10 жыл», 2012 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, 2014 жылы «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл», 2020 жылы «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл» медальдарымен марапатталды.«AMANAT» партиясының мүшесі. V,VІ, VІІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.





