
Өмірбаян
Орынбетова Макпал Касымовна 1965 жылы 17 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін журналист мамандығы бойынша бітірді. 2004 жылы ҚР Президентінің «Алғыс хатымен»,Қарағанды облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен»,2019 жылы Қарағанды облысы әкімінің «Алғыс хатымен», Жезқазған қалалық мәслихаты мен Жезқазған қаласы әкімінің «Құрмет грамотасымен»,2020 жылы Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі». төсбелгісімен марапатталды.Қазіргі кезде Жезқазған қаласы «Дидар» телеарнасының бас продюссері. «Ақ жол» партиясының мүшесі. VІІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.





