
Өмірбаян
Кенжебеков Арман Хуандыкович 1993 жылы 8 сәуірде Қарағанды облысы Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2015 жылы А.Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.2017 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін филология мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі кезде А.Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Рухани Жаңғыру» АҚ-ы орталығының басшысы. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2021 жылы 28 тамызында Жезқазған қалалық мәслихатының №10/82 шешімімен тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бірліктен тыс тұрақты тұруға кетуіне байланысты Арман Хуандықұлы Кенжебековтің депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын босатылды.





