Жезқазған қалалық маслихатының аппараты

    Маслихат туралы

    Мәслихат халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілеп, олардың жүзеге асырылуын қадағалайтын жергілікті өкілді орган.

    Депутаттар-сайлаушылардың өкілетті өкілдері, жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, олардың еркін білдіреді. Депутаттың өкілдігі оның тіркелу сәтінен басталып, мәслихаттың өкілдігі тоқтаған сәтте аяқталады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Хаттама

    Жезқазған қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысының хаттамасы

    Жезқазған қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысының хаттамасы Жезқазған қаласы 2026 жылғы «21»қыркүйек Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 211 бұйрығына, Жезқазған қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 3 тамызындағы №33/16 «Жезқазған қаласының кейбір қайталанған және атауы жоқ құрамдас бөліктеріне атау беру бойынша ұсыныстарды Жезқазған қалалық мәслихатының қарауына енгізу туралы» қаулысы негізінде қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы өткізген отырыста тиісті аумақ тұрғындарының пікірін ескеру мақсатында көпшілік тыңдау өткізілді. Көпшілік тыңдаудың өткізілуі туралы ресми жариялау:«Жезказганский вестник» газетінің 2026 жылғы 21 тамызында №58 нөмірінде, «Мысты өңір»газетінің 2026 жылдың 21 тамызында №29 нөмірінде және қалалық мәслихаттың ресми сайтында 2026 жылдың 21 тамызында жарияланды. Көпшілік тыңдау өткізілді: 2026 жылдың 21 қыркүйегінде Тіркелген қатысушылардың саны: 70 адам. Күн тәртібі Жезқазған қаласының қайталанған Б.Момышұлы көшесіне және Батыс ауданындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы: Тыңдалды: 1.Жезқазған қалалық мәдениет бөлімінің басшысы. Г. К. Шомаева баяндама жасады. Жезқазған қаласының Батыс ауданындағы 10-көшеге атау беру бойынша тұрғындарға толық түсініктеме берді. Қала тұрғындары: Ғ.Мухамбедин, Ғ.Е.Ештанаев, Б.Жұмашұлы, А.Қ.Сағындықов С,Ү.Қожамсеитов шығып ұсынылған көшелердің атауларын қолдайтындарын жеткізді. Ұсыныс: 1.Тәуелсіздікке қатысы бар адамдардың есімдерімен көшелерді атау. Жезқазған қаласы бойынша ұсынылған көшелерді атау тізім бойынша дауысқа салынып бірауыздан бекітілді. 1) Б.Момышұлы (қайталанып отырған) көшеге- «Орбұлақ»атауын; 2) Батыс ауданындағы атауы жоқ бірінші кезектегі бірінші тұйық көшеге- «Байтақ» тұйық көше атауын ; 3)Батыс ауданындағы атауы жоқ бірінші кезектегі екінші тұйық көшеге- «Шаңырақ» тұйық көше атауын ; 4) Батыс ауданындағы атауы жоқ бірінші кезектегі алтыншы (Е 181)көшеге-«Жақсыкелді Сейілов» есімін; 5) Батыс ауданындағы атауы жоқ екінші кезектегі бірінші тұйық (Е183)көшеге-«Қазына» тұйық көше атауын; 6) Батыс ауданындағы атауы жоқ үшінші Е 184 көшеге-«Көктал» атауын; 7) Батыс ауданындағы атауы жоқ төртінші Е 185 көшеге-«Кәкімбек Салықов»; 8) Батыс ауданындағы атауы жоқ бесінші Е 186 көшеге- «Ақселеу Сейдімбек»; 9) Батыс ауданындағы атауы жоқ алтыншы Е187 көшеге- «Бауыржан Нөгербек»; 10) Батыс ауданындағы атауы жоқ сегізінші Е 188 көшеге- «Сейілбек Жанайдаров»есімдерін беру бойынша көпшілік тыңдау барысында дауыс беру нәтижелері келесі болды: «Қолдады»-70 дауыс. «Қарсы болғандар»-Жоқ «Қалыс қалғандар» -Жоқ. ШЕШІЛДІ: Қала тұрғындары Жезқазған қаласының қайталанған Б.Момышұлы көшесіне және Батыс ауданындағы атауы жоқ көшелерге атау беруді бірауыздан қолдады. Осы мәселе қалалық мәслихаттың сессиясында қаралып, Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданады. Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Р.О.Қапарова Жезқазған қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы Р.Қ. Өмірбеков

    Жарияланды:
    Басқа

    Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері

    Нысан ________________________________________________ (мәслихаттың толық атауы) төрағасына ________________________________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә.) ________________________________________________ (Ұлытау облыс, Жезқазған қ., , ________________________________________________ (аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер) мекен-жайының тұрғыны ________________________________________________ (байланыс телефон нөмірі) Өтініш Мен, ________________________________________________________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә) Қазақстан Республикасының азаматы __________________________________________________________________________ ұсынылған (саяси партияның, өзге де қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) __________________________________аумақтықсайлау комиссиясының жұмысына қатысуға (сайлау комиссиясының атауы) келісімімді беремін. Сайлау органдарындағы жұмыс өтілім _____ жыл: _____________________________________________________________________________________ (комиссияның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету) Аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі _____ жыл: □мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау; □сайлау комиссиясының қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері үшін; □сайлау комиссиясының қызметін қаржылық сүйемелдеу мәселелері үшін; □сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, ұйымдастырушыларды оқыту саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету мәселелері үшін сайлау процесіне басқа қатысушыларды сайлаңыз □сайлау комиссиясының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері үшін; □сайлау комиссиясының қызметін IT-сүйемелдеу мәселелері үшін □сайлау процесін ұйымдастыру, мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері үшін) оның ішінде ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде ____ жыл жұмыс өтілі. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында «Сайлау комиссиялары мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін қоса беремін. Өтелмеген немесе алынбаған соттылығым жоқ. Мемлекеттік саяси қызметші лауазымын атқармаймын. Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихатының депутаты, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сот судьяларының мүшесі болып табылмаймын. Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың, әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімінің болмауы тұрғысынан сұрау салулар жіберу үшін өзімнің ЖСН пайдалануға өз келісімімді беремін. «____»____________2026 жыл_________________________ (өтініш берушінің қолы) Биографикалық мәліметтер: Туылған күні«____» _______________ 19 _____ жыл Жеке индефикациялық нөмір (ЖИН)_________________________________________ Ұлты* _______________________________ Партия мүшелігі * _____________________________________________________________________ Білмі _________________________________________________________________ Мамандығы _________________________________________________________________ Жұмыс орны немесе кәсіп ____________________________________________________ Атқаратын лауазымы __________________________________________________________ Жеке куәлігінің мәлметтері__________________________________________________ (кәулігінің нөмірі, қашан және кіммен берілді) Қоса беремін: - мемлекеттік ұйымдардағы, мекемелердегі, үкіметтік емес ұйымдардағы жұмыс өтілін және (немесе) Қазақстан Республикасының сайлау органдарындағы жұмыс өтілін растайтын құжаттарды; - комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстары туралы мәліметтерді**. Ескерту: *Қазақстан Республикасы Конституциясының 19 бабының 1 тармағына сәйкес ұлттық және партиялық тиесілігі кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі. ** Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Өтінішке қосымша Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә.) р/н жақын туыстарының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ескерту 1. әкем 2. анам 3. ұлым 4. қызым 5. ағам 6. қарындасым (сіңілім) 7. атам 8. әжем 9. немерем 10. жолдасым Нысан ______________________________________________________мәслихаты (әкімшілік-аумақтық бірлігінің атауы) _______________________________________________________________________________________________ (әкімшілік-аумақтық бірлігінің атауы) сайлау комиссиясының құрамына кандидатура ұсыну бойынша саяси партияның, өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшесінің ұсынысы_____________________________________________________________________________________________ (саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшесінің жарғылық атауы және орналасқан жері) №р/н Учаскі нөмірі Тегі Аты Әкесінің аты ЖСН Туылған күні (айы,күні,жылы) жынысы Ұлты* Білімі(жоғары,орта-кәсіби, орта) мамандығы Жұмыс орны Лауазымы, қыз.телефоны Мекен-жайы, тел Қай партиядан, қоғамдық бірлестіктен немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясынан ұсынылады Партия мүшесі болып табыла ма (атауын көрсету)* сайлау комиссияларындағы жұмысөтілі, жылдар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 Уәкілетті тұлғаның қолы_________________________________________ МО(жеке қолы)Т.А.Ә. 1.Ескерту * Қазақстан Республикасы Конституциясының 19 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзінің ұлттық және партиялық тиесілігін айқындауға және көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы 2. Мәліметтер электрондық және қағаз форматта тиісті мәслихатқа беріледі. Қағаз форматта мәліметтер жоғарыда аталған тиісті ұйымның мөрімен куәландырылады.

    Жарияланды:
    Шешім

    Жезқазған қаласының ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылғы атқарылуы туралы есебі

    Жезқазған қаласының ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылғы атқарылуы туралы есебі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1.Кеңгір ауылдық округі бюджетінің 2025 жылғы орындалуы туралы есебі қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін: 1)кірістер: 184928,3 мың теңге; Салықтық түсімдер: 70369,4 мың теңге; Салықтық емес түсімдер: 0 теңге; Негізгі капитал сатудан түсетін түсімдер: 2390 мың теңге; Трансферттердің түсімдері: 112169 мың теңге; 2)шығындар: 194822,5 мың теңге; 3)таза бюджеттік кредит беру: 0 теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо:0 теңге 5)бюджеттің тапшылығы (профициті) -9894,2 мың теңге; 6)бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) 9894,2 мың теңге: бюджет қаражаттарының қолданылатын қалдықтары 9894,2 мың теңге. 2.Талап ауылдық округі бюджетінің 2025 жылғы орындалуы туралы есебі қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін: 1)кірістер: 74008,8 мың теңге; Салықтық түсімдер 3863,4 мың теңге; Салықтық емес түсімдер: 0 теңге; Негізгі капитал сатудан түсетін түсімдер: 0 теңге; Трансферттердің түсімдері: 66858 мың теңге; 2)шығындар: 72995,4 мың теңге; 3)таза бюджеттік кредит беру: 0 теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо:0 теңге 5)бюджеттің тапшылығы (профициті) -1013,3 мың теңге; 6)бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)-1013,3 мың теңге: бюджет қаражаттарының қолданылатын қалдықтары: -1013,3 мың теңге. 3.Сарыкенгір ауылдық округі бюджетінің 2025 жылғы орындалуы туралы есебі қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін: 1)кірістер: 49418,5 мың теңге; Салықтық түсімдер:1266,5 мың теңге; Салықтық емес түсімдер: 0 теңге; Негізгі капитал сатудан түсетін түсімдер: 0 теңге; Трансферттердің түсімдері 48152 мың теңге; 2)шығындар 52013,2 мың теңге; 3)таза бюджеттік кредит беру: 0 теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо: 0 теңге 5)бюджеттің тапшылығы (профициті) -2594,7 мың теңге; 6)бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)2594,7 мың теңге: бюджет қаражаттарының қолданылатын қалдықтары 2594,7 мың теңге. Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Р.Капарова

    Жарияланды:
    Шешім

    Жезқазған қаласының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы

    Жезқазған қаласының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Жезқазған қаласының әкімі К.А.Шайжановтың, Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Е.Қ.Ибикеновтың, Жезқазған қалалық мәслихатының экономикалық даму және бюджет мәселесі бойынша тұрақты комиссиясының мүшесі Т.Ш.Ибадатованың, қаланың 2025 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есептерін тыңдап, талқылай келе 2025 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебі келесі құрылым бойынша бекітілсін: 1)кірістер: 56565756 мың теңге; Салықтық түсімдер: 35654442.1 мың теңге; Салықтық емес түсімдер:503533.1 мың теңге; Негізгі капитал сатудан түсетін түсімдер: 661856.5 мың теңге; Трансферттердің түсімдері: 19745924.3 мың теңге; 2)шығындар: 52508214.8 мың теңге; 3)таза бюджеттік кредит беру: -87526.1 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо: 0 теңге 5)бюджеттің тапшылығы (профициті): 4145067.3 мың теңге; 6)бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану):-4145067.3 мың теңге: бюджет қаражаттарының қолданылатын қалдықтары:4445786 мың теңге. 2.Жезқазған қаласының әкіміне мынадай шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету ұсынылсын: - қаланың экономикалық әлеуетін арттыру, неғұрлым перспективалы бағыттарды дамыту, ұзақ мерзімді экономикалық және әлеуметтік әсері бар жобаларды іске асыру, сондай-ақ экономиканың нақты секторына инвестициялар тарту бойынша белсенді саясатты қамтамасыз ету; - жоспарланған нәтижелерге қол жеткізе отырып, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражатының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету; - Ұлытау өңірін дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспарына қол жеткізуге бағытталған өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне ең жақсы және тиімді қол жеткізу қажеттілігі негізінде тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ету; - басталған жобаларды аяқтауға, жаңа құрылыс объектілерін бастауды барынша азайтуға, сондай-ақ проблемалық және аяқталмаған жобаларды аяқтауға (Жезқазған қаласының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері) күш-жігерді шоғырландыру; - есептілікті ұсыну мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында бюджеттік процесті ұйымдастыруға бақылауды күшейту, есептік материалдарды алдын ала дайындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ заңнамада белгіленген мерзімдердің сақталуына жауапты лауазымды тұлғаларды айқындау қажет 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономикалық даму және бюджет мәселесі бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін (М.Т.Тилесова). Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Р.О.Қапарова

    Жарияланды:
    Шешім

    Жезқазған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 15 сәуірдегі №32/182 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Жезқазған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 15 сәуірдегі №32/182 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 15 сәуірдегі №32/182 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189-20 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 2. «Жезқазған қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1)осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін Жезқазған қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Р. Капарова

    Жарияланды:
    Шешім

    Жезқазған қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы

    Жезқазған қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3 тармағының 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына,Қазақстан Республикасы Экология,геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы»(Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде №24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Жезқазған қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2.Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Р.Қапарова 2026 жылғы 17 маусымдағы №45/252 шешіміне қосымша Жезқазған қаласы бойынша халық үшінтұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,тасымалдауғаарналған тарифтер р/с Атауы Есептік бірлік Теңге (қосылған құн салығымен) 1 Тұрғын үйлері абаттандырылған үйлердің тұрғындары үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау тарифі 1 тұрғын, айына 660 2 Тұрғын үйлері абаттандырылмаған үйлердің тұрғындары үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау тарифі 1 тұрғын, айына 726 3 Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару тарифі 1 м3 3960 4 Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму және сұрыптау 1 м3 100

    Жарияланды: