Жезқазған қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысының хаттамасы

    Жезқазған қалалық маслихатының аппараты

    Жезқазған қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысының

    хаттамасы

    Жезқазған қаласы 2026 жылғы «21»қыркүйек

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 211 бұйрығына, Жезқазған қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 3 тамызындағы №33/16 «Жезқазған қаласының кейбір қайталанған және атауы жоқ құрамдас бөліктеріне атау беру бойынша ұсыныстарды Жезқазған қалалық мәслихатының қарауына енгізу туралы» қаулысы негізінде қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы өткізген отырыста тиісті аумақ тұрғындарының пікірін ескеру мақсатында көпшілік тыңдау өткізілді.

    Көпшілік тыңдаудың өткізілуі туралы ресми жариялау: «Жезказганский вестник» газетінің 2026 жылғы 21 тамызында №58 нөмірінде, «Мысты өңір»газетінің 2026 жылдың 21 тамызында №29 нөмірінде және қалалық мәслихаттың ресми сайтында 2026 жылдың 21 тамызында жарияланды.

    Көпшілік тыңдау өткізілді: 2026 жылдың 21 қыркүйегінде

    Тіркелген қатысушылардың саны: 70 адам.

    Күн тәртібі

    Жезқазған қаласының қайталанған Б.Момышұлы көшесіне және Батыс ауданындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы:

    Тыңдалды:

    1.Жезқазған қалалық мәдениет бөлімінің басшысы. Г. К. Шомаева баяндама жасады. Жезқазған қаласының Батыс ауданындағы 10-көшеге атау беру бойынша тұрғындарға толық түсініктеме берді.

    Қала тұрғындары: Ғ.Мухамбедин, Ғ.Е.Ештанаев, Б.Жұмашұлы, А.Қ.Сағындықов С,Ү.Қожамсеитов шығып ұсынылған көшелердің атауларын қолдайтындарын жеткізді.

    Ұсыныс:

    1.Тәуелсіздікке қатысы бар адамдардың есімдерімен көшелерді атау.

    Жезқазған қаласы бойынша ұсынылған көшелерді атау тізім бойынша дауысқа салынып бірауыздан бекітілді.

    1) Б.Момышұлы (қайталанып отырған) көшеге- «Орбұлақ»атауын;

    2) Батыс ауданындағы атауы жоқ бірінші кезектегі бірінші тұйық көшеге-

    «Байтақ» тұйық көше атауын ;

    3)Батыс ауданындағы атауы жоқ бірінші кезектегі екінші тұйық көшеге-

    «Шаңырақ» тұйық көше атауын ;

    4) Батыс ауданындағы атауы жоқ бірінші кезектегі алтыншы (Е 181)көшеге-«Жақсыкелді Сейілов» есімін;

    5) Батыс ауданындағы атауы жоқ екінші кезектегі бірінші тұйық (Е183)көшеге-«Қазына» тұйық көше атауын;

    6) Батыс ауданындағы атауы жоқ үшінші Е 184 көшеге-«Көктал» атауын;

    7) Батыс ауданындағы атауы жоқ төртінші Е 185 көшеге-«Кәкімбек Салықов»;

    8) Батыс ауданындағы атауы жоқ бесінші Е 186 көшеге- «Ақселеу Сейдімбек»;

    9) Батыс ауданындағы атауы жоқ алтыншы Е187 көшеге- «Бауыржан Нөгербек»;

    10) Батыс ауданындағы атауы жоқ сегізінші Е 188 көшеге- «Сейілбек Жанайдаров» есімдерін беру бойынша көпшілік тыңдау барысында дауыс беру нәтижелері келесі болды:

    «Қолдады»-70 дауыс. «Қарсы болғандар»-Жоқ «Қалыс қалғандар» -Жоқ.

    ШЕШІЛДІ: Қала тұрғындары Жезқазған қаласының қайталанған Б.Момышұлы көшесіне және Батыс ауданындағы атауы жоқ көшелерге атау беруді бірауыздан қолдады. Осы мәселе қалалық мәслихаттың сессиясында қаралып, Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданады.

    Жезқазған қалалық

    мәслихатының төрағасы Р.О.Қапарова

    Жезқазған қалалық мәслихатының

    әлеуметтік мәселелері бойынша тұрақты

    комиссиясының төрағасы Р.Қ. Өмірбеков

    Жүктеу
    1
    1
    DOCX · 23 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Басқа

    Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері

    Нысан ________________________________________________ (мәслихаттың толық атауы) төрағасына ________________________________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә.) ________________________________________________ (Ұлы...

    Жезқазған қалалық маслихатының аппаратыЖарияланды:
    Шешім

    Жезқазған қаласының ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылғы атқарылуы туралы есебі

    Жезқазған қаласының ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылғы атқарылуы туралы есебі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі ба...

    Шешім

    Жезқазған қаласының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы

    Жезқазған қаласының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Рес...

    Шешім

    Жезқазған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 15 сәуірдегі №32/182 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Жезқазған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 15 сәуірдегі №32/182 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер тур...

    Шешім

    Жезқазған қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы

    Жезқазған қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3 тармағының 3 та...

    Шешім

    Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Жезқазған қаласы тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мәдениет және демалыс саябақтарын басқару» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы

    Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Жезқазған қаласы тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мәдениет және демалыс саябақтарын басқару» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлеріні...