Жезқазған қаласының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы

    Жезқазған қалалық маслихатының аппараты

    Жезқазған қаласының 2025 жылғы

    бюджетінің атқарылуы туралы

    Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жезқазған қаласының әкімі К.А.Шайжановтың, Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Е.Қ.Ибикеновтың, Жезқазған қалалық мәслихатының экономикалық даму және бюджет мәселесі бойынша тұрақты комиссиясының мүшесі Т.Ш.Ибадатованың, қаланың 2025 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есептерін тыңдап, талқылай келе 2025 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебі келесі құрылым бойынша бекітілсін:

    1)кірістер: 56565756 мың теңге;

    Салықтық түсімдер: 35654442.1 мың теңге;

    Салықтық емес түсімдер:503533.1 мың теңге;

    Негізгі капитал сатудан түсетін түсімдер: 661856.5 мың теңге;

    Трансферттердің түсімдері: 19745924.3 мың теңге;

    2)шығындар: 52508214.8 мың теңге;

    3)таза бюджеттік кредит беру: -87526.1 мың теңге;

    4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо: 0 теңге

    5)бюджеттің тапшылығы (профициті): 4145067.3 мың теңге;

    6)бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану):-4145067.3 мың теңге:

    бюджет қаражаттарының қолданылатын қалдықтары:4445786 мың теңге.

    2.Жезқазған қаласының әкіміне мынадай шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету ұсынылсын:

    - қаланың экономикалық әлеуетін арттыру, неғұрлым перспективалы бағыттарды дамыту, ұзақ мерзімді экономикалық және әлеуметтік әсері бар жобаларды іске асыру, сондай-ақ экономиканың нақты секторына инвестициялар тарту бойынша белсенді саясатты қамтамасыз ету;

    - жоспарланған нәтижелерге қол жеткізе отырып, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражатының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;

    - Ұлытау өңірін дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспарына қол жеткізуге бағытталған өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне ең жақсы және тиімді қол жеткізу қажеттілігі негізінде тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ету;

    - басталған жобаларды аяқтауға, жаңа құрылыс объектілерін бастауды барынша азайтуға, сондай-ақ проблемалық және аяқталмаған жобаларды аяқтауға (Жезқазған қаласының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері) күш-жігерді шоғырландыру;

    - есептілікті ұсыну мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында бюджеттік процесті ұйымдастыруға бақылауды күшейту, есептік материалдарды алдын ала дайындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ заңнамада белгіленген мерзімдердің сақталуына жауапты лауазымды тұлғаларды айқындау қажет

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономикалық даму және бюджет мәселесі бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін (М.Т.Тилесова).

    Жезқазған қалалық

    мәслихатының төрағасы Р.О.Қапарова

    Жүктеу
    a2ee6a239b390ce80dd4dfcd858f5770_original.25824.docx
    DOCX · 25 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    Жезқазған қаласының ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылғы атқарылуы туралы есебі

    Жезқазған қаласының ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылғы атқарылуы туралы есебі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі ба...

    Шешім

    Жезқазған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 15 сәуірдегі №32/182 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Жезқазған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 15 сәуірдегі №32/182 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер тур...

    Шешім

    Жезқазған қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы

    Жезқазған қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3 тармағының 3 та...

    Шешім

    Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Жезқазған қаласы тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мәдениет және демалыс саябақтарын басқару» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы

    Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Жезқазған қаласы тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мәдениет және демалыс саябақтарын басқару» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлеріні...