Жезқазған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 15 сәуірдегі №32/182 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Жезқазған қалалық маслихатының аппараты

    Жезқазған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 15 сәуірдегі №32/182

    «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 15 сәуірдегі №32/182 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189-20 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. «Жезқазған қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1)осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін Жезқазған қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы

    Р. Капарова



    Жүктеу
    173abd8b8ce3bbc13daf3da60d9d7c51_original.129588.docx
    DOCX · 127 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    Жезқазған қаласының ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылғы атқарылуы туралы есебі

    Жезқазған қаласының ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылғы атқарылуы туралы есебі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі ба...

    Шешім

    Жезқазған қаласының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы

    Жезқазған қаласының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Рес...

    Шешім

    Жезқазған қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы

    Жезқазған қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3 тармағының 3 та...

    Шешім

    Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Жезқазған қаласы тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мәдениет және демалыс саябақтарын басқару» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы

    Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Жезқазған қаласы тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мәдениет және демалыс саябақтарын басқару» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлеріні...