
Өмірбаян
Рахай Нұрдәулет Құрманқұлұлы 1966 жылы 4 маусымда Қарағанды облысында Қарсақпай кентінде дүниеге келген. 1989 жылы Жезқазған құрылыс техникумын техник құрылысшы мамандығы бойынша, 2000 жылы Жезқазған тау-кен университетін инженер-электрик мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі кезде «Kazakhmys Distribution» ЖШС Жезқазған қалалық электр желілер және подстанцияларының цех басшысы.
«Amanat» партиясының мүшесі. Жезқазған қалалық мәслихатының VІІІ шақырылымының депутаты.





