
Досанов Абдрахман Муханбетжанович
Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы
Өмірбаян
Досанов Абдрахман Мұханбетжанұлы 1960 жылы 3 шілдеде Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қарсақбай кеншарында дүниеге келді.Білімі:жоғары. Жезқазған педагогикалық институтын сызу, сурет және еңбек мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Қарсақпай металлургия зауытында ағаш өңдеу мастері болып бастаған 1977-1978 ж. ж.
1978-1983 ж.ж. Жезқазған педагогикалық институтында сызу, сурет және еңбек мамандығы бойынша оқыды.
1983-1984 ж.ж. Жезқазған қаласындағы №9 орта мектепте техникалық еңбек мұғалімі болып қызмет атқарды.
1984-1986 ж.ж. Ленинград облысы, Мурманск қаласында әскери борышын атқарды.
1986-1992 ж.ж. Жезқазған қаласындағы №9 орта мектепте сызу, бейнелеу өнерінің мұғалімі.
1992-1996ж.ж. мектеп аралық оқу өндірісі комбинатының директоры.
1996 жылдан бастап 2021 жылға дейін «Жезқазған қаласының жалпы білім беру №1 орта мектебі» КММ-нің директоры.
2016 жылдың 20 наурызында VІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының №5 сайлау округі бойынша депутат болып сайланды.
2021 жылы 5 сәуірде VІІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды





