Қызметкерлер — Темір ауданының мәслихаты

    Темір ауданының мәслихаты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Шаимов Болат Сейтенұлы
    Қызметкерлер

    Шаимов Болат Сейтенұлы

    Темір аудандық мәслихатының төрағасы

    1969 жылы 15 қыркүйекте Темір ауданы, Шұбарқұдық кентінде дүниеге келген. 1991 жылы Гурьев педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтап, 2004 жылы С.Бәйішев ат. университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойыншы, 2014 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Құқықтану» мамандығы бойыншы аяқтаған.

    Қойшыбаев Жандәурен Баймағамбетұлы
    Аппарат басшысы

    Қойшыбаев Жандәурен Баймағамбетұлы

    Темір аудандық мәслихаты аппаратының басшысы

    Қойшыбаев Жандәурен Баймағамбетұлы 1986 жылы 15 сәуірде дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы Ақтөбе кооперативтік колледжін «Салық қызметші» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2020 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Ахметов Жансерік Оспанұлы
    Қызметкерлер

    Ахметов Жансерік Оспанұлы

    Аудандық мәслихаты аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы

    1999 жылы 20 сәуірде Темір ауданы Шұбарқұдық кентінде дүниеге келген. 2016-2020 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген.

    Басқа қызметкерлер

    15
    Сүйіндікова Самал Күнтуарқызы
    Қызметкерлер

    Сүйіндікова Самал Күнтуарқызы

    Бас маман

    1990 жылы 28 мамырда Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақстан, Қоңырат ауданы, Қарақалпақия бекетінде дүниеге келген. 1997-2002 жылдар аралығында Қарақалпақия бекетіндегі №56 орта мектепте білім алған. 2002 жылы мектептегі негізгі пәндерді оқыту өзбек және қарақалпақ тілдеріне ауыса бастағандықтан, 2002 жылы отбасымен Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кентіне көшіп келіп және №4 Шұбарқұдық жалпы білім беретін мектебінде 2008 жылға дейін білім алған. 2010 жылы С.Бәйішев ат. Ақтөбе университетінің колледжіне оқуға түсіп, 2014 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша оқып, «Кеңесші-заңгер» біліктілігін алған.

    Бекіш Аймұрат .
    Қызметкерлер

    Бекіш Аймұрат .

    Бас маман

    1985 жылы 26 наурызда Моңғолия Республикасы, Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген. 2004-2008 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

    Әділханов Бердіхан Меңдіханұлы
    Мәслихат депутат

    Әділханов Бердіхан Меңдіханұлы

    Депутат маслихата

    1972 жылы 7 мамырда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Оймауыт ауылында дүниеге келген. 1979-1989 жылдары №1 Шұбарқұдық орта мектебіндебілім алған. 1993-1998 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтын «Филология» факультетіне түсіп, Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.

    Жанекешова Айсұлу Мақсотқызы
    Мәслихат депутат

    Жанекешова Айсұлу Мақсотқызы

    Мәслихат депутаты

    1979 жылы 27 қарашада дүниеге келген. Шұбарқұдық №3 орта метебінен орта білім алып 1994 -1998 жылдары Ақтөбе гуманитарлық колледжін үздік аяқтаған. 1999-2004 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Педагогика және бастауыш мектепте оқыту әдістемесі » мамандығы бойынша бітірген.

    Жонысов Сұлтанбек Нұрланұлы
    Мәслихат депутат

    Жонысов Сұлтанбек Нұрланұлы

    Мәслихат депутаты

    1986 жылы 4 қыркүйек күні Темір ауданы, Шұбарқұдық кентінде дүниеге келген. 2007-2010 жылдары М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Транспорт бакалавры» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Кенжеғалиев Әлиасқар Серікжанұлы
    Мәслихат депутат

    Кенжеғалиев Әлиасқар Серікжанұлы

    Мәслихат депутаты

    1985 жылы 6 ақпанда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында дүниеге келген. 1991-2002 жылы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қаза орта мектебін бітірген. 2002-2007 жылы Қ.Жұбанов ат.Ақтөбе мемлекеттік университетін «информатика» мамандығы бойынша бітірген. 2008-2010 жылдары Қ.Жұбанов ат.Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» мамандығы бойыншы екінші мамандық алған.

    Көшербаев Әділ Тасымбайұлы
    Мәслихат депутат

    Көшербаев Әділ Тасымбайұлы

    Мәслихат депутаты

    1986 жылы 23 қаңтарда Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылында дүниеге келген. 2003-2007 жылдары Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қаржы бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.

    Молдақұлов Сабыржан Жәңгірұлы
    Мәслихат депутат

    Молдақұлов Сабыржан Жәңгірұлы

    Мәслихат депутаты

    1963 жылы 23 қарашада Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Темір қаласында дүниеге келген. 1981 жылы Темір қаласындағы орыс мектебін бітірген. 1981-1986 жылы Орынбор ауылшаруашылығы институтын «Ветеринария» мамандығы бойынша бітірген.

    Нұржанова Әлия Маратқызы
    Мәслихат депутат

    Нұржанова Әлия Маратқызы

    Мәслихат депутаты

    1982 жылы 4 шілдеде Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Саркөл ауылында дүниеге келген. Темір ауданы, Саркөл орта мектебін 1999 жылы аяқтаған. 1999-2003 жылдары аралығында Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе мемлекеттік университетін «Ағылшын тілі пәні мұғалімі» бойынша аяқтап, 2004 жылы Англияның Гастинс қаласында мұғалімдерге арналған біліктілік курсынан өткен. 2014-2016 жылдары С.Бәйішев ат.Ақтөбе университетінде гуманитар ғылымдар магистрі дәрежесін алған. 2015 жылы Уфа қаласында дипломалды диссертация қорғаған.

    Нұртұрғанова Хурлиман Қыдырбергенқызы
    Мәслихат депутат

    Нұртұрғанова Хурлиман Қыдырбергенқызы

    Мәслихат депутаты

    1983 жылы 25 ақпанда Қарақалпастан Республикасында дүниеге келген. 2001-2003 жылдары Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті мен 2010-2013 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Самарханов Түгел Қуанышұлы
    Мәслихат депутат

    Самарханов Түгел Қуанышұлы

    Депутат маслихата

    1970 жылы 1 қазанда Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Рождественск ауылыныда дүниеге келген. 1977-1987 жылдары Димитров ат.орта мектепте білім алған. 1998-2003 жылдары Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясы Батыс Қазақстан заң институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

    Сыдықов Тұржан Такилұлы
    Мәслихат депутат

    Сыдықов Тұржан Такилұлы

    Мәслихат депутаты

    1964 жылы 8 наурызда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жаңатаң ауылында дүниеге келген. 2000-2004 жылы Ақтөбе политехникалық колледжін «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.

    Төраға

    Нұрғалиев Азамат Жұбатқанұлы

    Қоғамдық кеңес төрағасы

    Нұрғалиев Азамат Жұбатқанұлы 1972 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Білімі жоғары. 1995 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Математика және информатика пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

    АХМЕТОВ ЖАНСЕРІК ОСПАНҰЛЫ
    Қызметкерлер

    АХМЕТОВ ЖАНСЕРІК ОСПАНҰЛЫ

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

    Абдуллин Алтай Қабылғазизұлы
    Мәслихат депутат

    Абдуллин Алтай Қабылғазизұлы

    Мәслихат депутаты

    1973 жылы 13 мамырда Ақтөбе облысы Темір ауданы Қалмаққырған бекетінде дүниеге келген. Білімі-жоғары. 2001-2007 жылдары М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Тасымалдауды ұйымдастыру және басқару (темір жол көлігінде)» мамандығы бойынша бітірген.